Түнгі рейдтер: жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға арналған іс-шара

Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан облысы аумағында «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.

Аталған іс-шара шеңберінде Арыс аудандық полиция бөлімінің және аудандық Жастар орталығының қызметкерлері бірлесіп, түнгі уақытта рейдтік жұмыстар ұйымдастырды.

Рейд барысында кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта (сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін) заңды өкілінсіз ойын-сауық орындарында болуына жол берген 1 ойынханаға, 21 жасқа толмаған адамға алкоголь өнімін сатқан дүкен иесі мен түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 15 жасөспірімнің ата-анасына әкімшілік шара көрілді.

Мұндай іс-шаралар кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts