Түркістан облыстық соты аймақтық семинар өткізеді

Жоғарғы Сот азаматтық істер бойынша талап арыздар мен материалдардың түсу динамикасына тұрақты мән береді.

Азаматтық істер санының артуы қоғамның соттарға деген сенімінің артуымен, сондай-ақ азаматтардың құқығын қорғауды күшейту жұмыстарымен байланысты деп түсініледі.

Дегенмен, бұл бағытта Жоғарғы Сот талдау жүргізіп, нәтижесі бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берді.

Жүргізілген талдаулар мен туындағын сұрақтардың оңтайлы шешімін табу мақсатында Түркістан облыстық соты аймақтық семинар өткізеді.

Семинардың мақсаты азаматтық істер бойынша талап қоюлар мен материалдардың санын азайту, сотқа дейін дауларды шешу мүмкіндіктерін кеңейту, құқық қолдану тәжірибесін біріздендіру.

Семинардың күн тәртібінде нақты үш мәселе енгізілген:

Талап қоюларды ұсыну және оларды қайта жолдау кезінде жіберілетін кемшіліктер;

Нотариалдық іс-әрекеттерге қатысты шағымдар.

Медиация тәртібімен дауларды реттеу келісімдері.

Семинар 2025 жылғы 12 желтоқсан Түркістан қаласы «Әділет үйі» ғимаратының А3 блогы 4-қабатындағы үлкен мәжіліс залында өтеді.

Қатысушыларды тіркеудің аяқталу уақыты сағат 09:50.

Сонымен қатар, іс шараға Түркістан облысына қарасты, аудан (қала) орталығындағы сот ғимараттарына барып, бейне байланыс арқылы қашықтықтан қатысуға мүмкіндік бар.

Күн тәртібіндегі тақырыптардың маңыздылығын ескере отырып, пікір алмасу, туындаған сұрақтардың шешімін табу үшін іс-шараға адвокаттар, заң қоғамдастығы өкілдерін, медиаторлар, нотариустар мен өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.

Семинарға қатысушы ретінде тіркелу үшін 2025 жылғы 9 желтоқсан қоса есептелген кезеңге дейін 725-0301@sud.kz электронды почтасына тиісті мәліметтерді (Т.А.Ә., лауазымы, байланыс нөмірі) жолдау қажет.

Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша ниетті қатысушыларға баяндама жасау мүмкіндігі қарастырылғанын назарларыңызға жеткіземіз.

Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру-талдау бөлімінің бас маманы Н.Амангелдіге (87752994138) хабарласуға болады.

Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Бұл Заңды білесіз бе?

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға…