Түркістан облысында полицейлер үш тәулікте мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысында полицейлер үш тәулікте мыңға жуық құқық бұзушылықты анықтады. Полицейлер қоғамдық орындарда тиісті құқықтық тәртіпті сақтау бағытында 3 күн бойы профилактикалық шара өткізіп, 70 қылмыстық құқық бұзушылықты тіркеп, оның 58-інің ізін суытпай ашты.Іздеуде жүрген 3 азамат құрықталып, бұрын жасалған 2 қылмыс ашылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Тіркелмеген қаруды алып жүрудің 5 дерегі, есірткі және қарумен байланысты заттарды сақтау, тасымалдаудың 6 дерегі тіркелді. Сонымен қатар үш тәулікте 961 әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Оның ішінде мас күйде қоғамдық орындарда жүрген 132 тұрғын, түнгі мезгілде ата-анасының қарауынсыз жүрген 193 жасөспірім бар. Алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарды бұзу бойынша 10 құқық бұзушы жауапқа тартылды.

Сауран ауданының полицейлері түнгі сағат 23:30 шамасында 21 жасқа толмаған азаматқа ішімдік сатқан сатушыны анықтап, жеке кәсіпкерге қатысты іс құжаттарын жинақтап, сотқа жолдады. Ал жол саласы бойынша автокөлікті мас күйде басқарған 11 құқық бұзушы, қарсы қозғалыс бағытына шыққан 19 жүргізуші жауапқа тартылды.

Түлкібас ауданында полицейлер мас күйде көлік тізгіндеп, салдарынан жол көлік оқиғасын жасаған жүргізушіні ұстады. Жүргізушінің сақтандыру полисі жоқтығы, техникалық байқаудан өтпегені, жолаушылар тасымалдау тәртібін бұзғаны, көлікті ішімдік ішіп басқарғаны үшін 4 хаттама толтырылып, соттың қарауына жолданды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…
Толығырақ

Сарыағаш ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған жиын өтті

Сарыағаш ауданында полиция басқармасы, прокуратура, білім бөлімі қызметкерлері, мектеп мұғалімдерінің қатысуымен кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалған құқық…