Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинағандар ұсталды

Түркістан облысында Қызыл кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинағандар ұсталды. Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін өсімдіктерді заңсыз жинаумен айналысқан тұлғалар тобының әрекетіне тосқауыл қойды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Полицейлер таулы аймақтарда тыйым салынған өсімдік түрлерін жинады деген күдікпен Төлеби ауданының алты тұрғынын ұстады. Тексеру және тінту жұмыстары кезінде жалпы салмағы шамамен 100 келіден асатын 3000-нан астам макротомия өсімдігінің тамыры және арнайы қолдан жасалған күректер тәркіленді.

Аталған дерек бойынша сирек кездесетін, жойылу қаупі төнген және айналымына тыйым салынған өсімдіктермен заңсыз әрекет ету фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінде істің барлық мән-жайын толық әрі жан-жақты анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасып жатыр.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға табиғатты қорғау заңнамасын бұзғаны үшін қатаң жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді және табиғи ортаны сақтауға, қорғауға шақырады.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында мереке қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.…

Есірткінің зияны сөз болды

«Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасының ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында форум өткізілді. Аталған шараға…
Толығырақ

Полиция ақпарат берді

«Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының әкімшілік практика бөлімінің бастығы Нұрым Әметов Сайрам аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне…