Түркістан облысында жасырынған сотталушы ұсталды

Түркістан облысы Полиция департаментінің Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде медициналық мекемеден қашып кеткен сотталушыны ұстады. «Ол Түркістан қаласынан танысының үйінен ұсталды» деп хабарлайды

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Ұсталған адам тергеу изоляторына орналастырылды. Қазіргі уақытта барлық жағдайларды анықтауға бағытталған қажетті іс шаралар атқарылуда. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, оқиға ағымдағы жылдың 23 қазанында болған. Сотталушыны ұстау мақсатында ауқымды жедел-іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды, бақылау бекеттері қойылды, сондай-ақ полицияның барлық жеке құрамы жұмылдырылды.

Бұл жайт Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының жеке бақылауында.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанда қоғамдық қауіпсіздік үшін бет-жүзді жабуға қойылған шектеулер түсіндірілді

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету шеңберінде Түркістан облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері учаскелік полиция инспекторларымен…
Толығырақ

250 сала қызметкеріне интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

«Мақтаарал полициясы мен прокуратурасының ұйымдастыруымен “Интернет алаяқтықтан сақ болайық!” атты кеңейтілген жиын өтті. Іс-шараға аудан әкімінің орынбасары Нұрбол…