Түркістанда жүргізушілерге шоколадпен үндеу жасалды

Түркістан облысында жол қозғалысы қауіпсіздігіне арналған ерекше акция өтті: жүргізушілерге ережені сақтауды еске салу мақсатында полицейлер тәтті шоколадтар таратты.

Түркістан облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция батальоны қызметкерлері әр жол қатысушысына шоколад ұсына отырып, көлік жүргізу кезінде жылдамдықты асырмау, жаяу жүргіншілерге жол беру және қозғалыста абай болу қажеттігін түсіндірді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері білім беру ұйымдарына барып, оқушыларға жол қозғалысы ережелерін түсіндіріп, жаяу жүргіншілер өткелінен өткенде мұқият болу маңызды екенін жеткізді.

Түркістан облысы Полиция департаменті барлық жол қатысушыларын қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға, жүргізушілік мәдениетті арттыруға және жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Төлебиде “ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” іс-шарасы өтуде

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін арттыру мақсатында бірнүктелік рейдтер жүргізуде. Тәртіп…
Толығырақ

Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел…