Заң мен тәртіп: Түркістандық тұрғыннан тіркелмеген қару табылды

Түркістан облысы ПД-нің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында атыс қаруы мен оқ-дәрілерді заңсыз сақтады деген күдікпен Сауран ауданының тұрғынын ұстады.

Полицейлер оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде ұсақ калибрлі мылтық карабині мен оқ-дәрілерді тапты. Тәркіленген атыс қаруы тіркелмеген болып шықты.

Қару заңсыз сақтау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық жағдайларды анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жалғасуда.

Полиция ескертеді: қаруды тиісті құжаттарсыз сақтау және алып жүру құқық бұзушылық болып табылады және бұл бойынша қатаң жауапкершілік қарастырылған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел…

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…