«Заң және Тәртіп» концепциясы түсіндірілді

Бәйдібек аудандық сотының төрағасы Сарсенов Медетбек Темірбекұлы ауданда орналасқан №19 колледж студенттерімен кездесу» өткізді.

Кездесуде «Заң және Тәртіп» концепциясының мәні мен қоғамдағы маңызы түсіндіріліп, жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңды құрметтеу және жауапкершілікпен әрекет ету жөнінде кеңінен айтылды.

Сондай-ақ төраға болашақ ел тізгінін ұстайтын жастардың кәсіби дамуы, жақсы маман болу жолындағы талпыныстың қажеттілігі және адалдық пен тәртіптің әрбір саланың негізі екеніне тоқталды.

Студенттер көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Іс-шараға жалпы 180 студент қатысты.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Төлебиде “ҚАУІПСІЗ ЖОЛ” іс-шарасы өтуде

Аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы мәдениетін арттыру мақсатында бірнүктелік рейдтер жүргізуде. Тәртіп…

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…