Жасөспірімдерге қарсы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша іс-шаралар өтті

Жасөспірімдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу және оның себептерін анықтау мақсатында Түркістан облысы полиция департаментінің Қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бірқатар түсіндіру іс-шараларын ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шарада полиция подполковнигі Мұхтар Туғанбаев, полиция майоры Гүлбану Ділдәбекова және полиция лейтенанты Мөлдір Құрманбекова №13 көпсалалы колледжде студенттермен кездесу өткізіп, 300-ге жуық жасқа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Кездесу барысында қатысушыларға зорлық-зомбылықтың түрлері, оның құқықтық және психологиялық салдары, сондай-ақ оны болдырмау жолдары түсіндірілді. Сол күні аудандық мәдениет үйінде билер кеңесі, ауданның бас имамы және әжелер алқасының төрайымдары қатысқан дөңгелек үстел өтті. Жиында отбасы мен қоғамдағы зорлық-зомбылықтың алдын алу тетіктері талқыланып, бірлескен ұсыныстар қабылданды.

Ал 29 қазан күні №2 Ө.Жәнібеков атындағы мектепте ауданның 150-ге жуық мектеп директорлары мен әлеуметтік педагогтары қатысқан кеңейтілген жиын өтті. Онда балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сенім телефондарының тиімді жұмысын ұйымдастыру және мектептерде қауіпсіз орта қалыптастыру мәселелері қаралды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Дөңгелек үстел өтті

Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі ауданаралық сотында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы құқықбұзушылылықтың алдын-алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға…

Құқық бұзушылықтың алдын алу

Жетісай аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, интернет алаяқтықтың, нашақорлықтың, жолда жүру ережелерін бұзудың, сондай-ақ буллинг…
Толығырақ

Түркістанда «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Түркістан облысы Полиция департаментінің тапсырмасына сәйкес Бәйдібек ауданында мереке қарсаңында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы ұйымдастырылды.…