Төрешінің ысқырығы шалына салысымен шабуылды үдеткен алаң иелері ақыры дегеніне жетіп. 8 ші минутта Аманович Мұхамеджан Сейсен қорғаған қақпаға алыстан жойқын соққы бағыттап әдемі голға айналдырды.
Алайда араға бар болғаны бір минут салып қарымта шабуылда Ғафуржан Сүйімбаевтың оң қапталдан ұршықша айналдырып берген пасын Еркебұлан Тұңғышбаев баспен сәтті пайдаланып есепті теңестірді. Толассыз шабуылдармен сейвқа толы болған бірінші таймның бел ортасында төреші «Ордабасы» қақпасына пенальти белгілеп, Астананың су жаңа шабуылшысы Дарбо есепті еселеді.
Қосымша трофей үшін нағыз айқас екінші таймда басталды. Қысқы трансферде келген жаңа ойыншылар дебютін барынша нәтежиелі өткізуге тырысты. Дегенмен тартысыты өткен екінші таймда Ордабасы футболшылары қақпа кілтін таба алмады. «Астана» өз тарихында 6 шы мәрте суперкубокты төбелерінен асырып көтерді.