Депутаттардың конференциясы өтті

Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек» деген қанатты сөзі бар. Бұл ретте Түркістан облысындағы облыстық және жергілікті мәслихаттардың қоғамдағы рөлі жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға елмен, түрлі қоғамдық ұйымдармен диалог орнатып, халықтың мұң-мұқтажын бірлесе шешуді тапсырған. Президент тапсырмасы өз кезегінде орындалып жатыр.
Өңірде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілуде. Облыстағы жергілікті мәслихаттарда 300-ден астам депутат еңбек етуде. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және өзге салалардың өкілдері бар, ал басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды.
Мерекелік жиында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматқа «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағының куәліктері мен марапаттар табысталды.
Хабар-like

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…