ТҮРКІСТАНДА «ЖАС САРБАЗ ӘНШІСІ» ӘСКЕРИ-ПАТРИОТТЫҚ ӘН ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ

Кеңес әскерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Түркістанда облыстық «Жас сарбаз әншісі» әскери-патриоттық ән фестивалі өтті.
Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен өткен фестивальде облыстың барлық аудан, қаласының мектеп жанындағы «Жас сарбаздар» клубының оқушылары бақтарын сынады.
Фестивальдің алғашқы кезеңінде үміткерлер әскери-патриоттық тақырыпта ән орындады. Ал екінші кезеңде патриоттық Отан, туған жер, бейбітшілік, достыққа арналған әндерді шырқады.
Байқауда әнші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Ардақ Балажанова, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр оқытушысы, республикалық байқаулардың лауреаты Айжан Жолымбекова, Түркістан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің персоналмен жұмыс қызметінің басшысы, майор Ерғали Алжанов қазылық етті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлде Төлеби ауданынан келген өнерпаз Увайдулла Ағаділге бұйырды. Жүлделі I орынды Келес ауданынан Мерей Сегізбай иеленді. II орын иегерлері Жасұлан Тасболат (Жетісай аудан), Елдос Бағдәулет (Түркістан қаласы) атанды. Жүлделі III орынды кентаулық өнерпаз Рамазан Тілеужан, Бәйдібек ауданынан Эльдар Фархатұлы, Арыс қаласынан Ержігіт Беркінбек қанжығасына байлады. Жеңімпаздарға арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары берілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

АЗАМАТТАР ӨЗ МӘСЕЛЕЛЕРІН ЖЕТКІЗДІ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев кезекті қоғамдық қабылдау өткізіп,…
Толығырақ

Мейірімділік айында халқымыз игі істерін еселеп, сауапқа кенеле берсін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Рамазан айының басталуымен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап. «Ардақты ағайын! Сіздерді қасиетті Рамазан…