ТҮРКІСТАНДАҒЫ КҮЛТӨБЕ ҚАЛАШЫҒЫНЫҢ КҮМБЕЗДЕРІН ОРНАТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

              Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Түркістан қаласының «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру» жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жауапты басшылар мен мердігер компанияға жұмыс қарқынын жеделдетуді тапсырды. Сонымен бірге тарихи ескерткіштер мен қалажұрттарға зиян тигізбей абаттандыру қажеттігін ескертті.
                – Бұл – аса жауапты міндет. Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, осы аумақ ЮНЕСКО қорғауындағы тарихи мұра екенін білесіздер. Құрылыс және абаттандыру жұмыстарының тарихи жәдігерлерге кері әсерін тигізбей жүргізілуі қатаң қадағалануы тиіс. Арнайы археолог немесе музей саласы бойынша бекітілген өкілдер тұрақты бақыласын. Абаттандыру сапалы жүргізілуі тиіс. Мердігер компания басшылығы жұмыстың басы-қасына жүріп, уақтылы әрі талапқа сай атқарылуына атсалыссын, – деді Дархан Сатыбалды.
              «Түркістан қаласының «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайының аумағын абаттандыру» жобасын жүзеге асыру 2021 жылы басталған. Кесене маңындағы Күлтөбе қалашығын қорғау, төбесін жабу жұмыстары да атқарылуда.
Жоба бойынша түзету жұмыстары жүргізіліп, сараптама қорытындысы алынған. 2022 жылғы республикалық бюджеттен бөлінген 4 млрд. теңге толық игерілген. Осы арқылы күмбез шатырлары орналасатын жобада қаралған 27 тірек және 303 дана бетон қадаларының бетон жұмыстары толық аяқталды. Күмбездің шет мемлекеттен жеткізілетін металл конструкциялары (26 рейс) толық нысанға жеткізіліп, нығайтылған қадалар құрастырылуда.
                  Сондай-ақ орнатылатын трансформатордың (КТП) бетон жұмыстары жүргізілуде. 10 сәуірден бастап күмбездің метал конструкцияларын орналастыру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Ал күмбез жабындары мамыр айында жеткізіледі деп күтілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…
Толығырақ

Бәйдібекте кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнінде жиын өткізілді

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын алу, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы психологиялық-педагогикалық…
Толығырақ

Азаматтың денсаулық сақтау құқығы саласындағы заңнамалар туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ТО бойынша өкілі Наталья Қожабекованың бастамасымен Түркістан облысының денсаулық сақтау басқарма басшы орынбасары…
Толығырақ

Тәуелсіздік күні қарсаңында созақ ауылында заманауи спорт кешені ашылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Созақ ауылында бұқаралық спортты дамытуға бағытталған заманауи үлгідегі «Созақ» спорт кешенінің салтанатты…