Зорлық-зомбылыққа жол жоқ

Полицейлер отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша түсіндірме жиналысын өткізді. Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оның салдары және заңнамада көзделген құқықтық жауапкершілік туралы жан-жақты ақпарат берді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, отбасында қауіпсіз әрі сыйластыққа негізделген орта қалыптастыру.

Сонымен қатархалық көп шоғырланатын орындарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, профилактикалық ескертулер жасалды.

Отбасындағы тыныштық пен өзара құрмет – берекелі қоғамның негізі» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТӘРТІП — ҚАТАҢ, ЗАҢ — ОРТАҚ

«Қоғамдық келісім» КММ-сі Сайрам аудандық филиалының жылдық жоспары негізінде «Адал азамат» жобасы аясында Е.Сарманов атындағы агроэкономикалық колледжінің мәжіліс…