Шық – түннің көз жасы емес

Шық – түннің көз жасы емес,
Көз жасы емес гүлдің,
Жанары ағып түскен жоқ ешкімнің.
Кеудесін қара түннің қақ айырып,
Жан әпкем жылаған күн – мен ес білдім.
Күн еді ашылмаған ол бір сыры,
Қолынан қан боялған көрдім шыны.
Есігін арғы өмірдің тырнап жатты ол…
Төгіліп жанарының мөлдір шығы.
|Жанынан суыт қайттым,
Суыт барғам,|
Сусыды сынған шыны суық қолдан…
Көз жасын тердім бақтан ертесі оның,
Гүлдердің қауызына тұнып қалған.
Жәудіреп,
«Менде қандай кінә бар?» – деп,
Түн сайын алуан гүлге тұнады ол кеп.
Жанары ағып түскен зағип-дүние,
Дәл менің әпкем сынды жылаған жоқ.
Шық – түннің көз жасы емес,
Көз жасы емес гүлдің… Сенбеймісің?
Қасірет… бір қасірет кернейді ішін.
Жылата көрмеші енді жан әпкемді,
Мөлдір ғой… кіршіксіз ғой…
Көрмеймісің?!
Қуаныш Жазай
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ҚАРАҚАТ КӨЗДІ ҚАРЫНДАС

Кексе тартып, қалса да артта арын жас, Жүрек нəзік лүпілінен арылмас. Жырыма осы себеп болған бүгінгі, Қарақат көз,…
Толығырақ

Сен десем тамырыма тарайды мұң

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қасым Ботановтың мамандығы – дәрігер-стомотолог. Қазан мемлекеттік медицина институтын 1966 жылы бітірген. 1978…
Толығырақ

Бір сәуле аспан кезіп бара жатыр…

Нұрғиса   Төремұратов Өзбекстан республикасындағы Әлішер Науаи атындағы Самарқан мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.  Өлеңдері «Тәуелсіздік тебіреністері»  жинағына енген.…