Түсіме ылғи өлгендер кіреді

Түсіме ылғи өлгендер кіреді,
Барлығы тұнжыр, көңілсіз.
Тірілер оған несін береді,
Жетісіп жүр ғой дермісіз?
Аурақ жебеп жүреді деушіед
Күнахар пенде, пақырды,
Ит өмір мынау, жалған әлемді
Аттап кеткендер «ақылды»
Бейопа арман қолда тұрмайды
«Көпшіл» бөкседей бұлтылдап,
Шалшық көңілден шаттық ұрлайды,
Бейіттен байғұз сұңқылдап.
Жамауға келмес жыртық жүрегім,
Жүдеумен кетті жоғалып.
Сонда да ылғи күліп жүремін,
Қап-қара мұңға оранып.
Түсіме ылғи өлгендер кіреді,
Барлығы тұнжыр, көңілсіз.
Тірі боп оған немді беремін,
Жетісіп жүр ғой дермісіз…
Пернебай Сапаров
Возможно, это изображение памятник и на открытом воздухе
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

ТҰҒЫРЫҢ БИІК ТУҒАН ЕЛ

Көшіңді түзеп, бірлігін бекем ширатып. Сірескен сеңнің мұз құрсауларын қиратып. Төрт құбылаңды шаттыққа бөлеп жатырсың, Шұғыла шашқан шаңырақ…
Толығырақ

Сен десем тамырыма тарайды мұң

ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Қасым Ботановтың мамандығы – дәрігер-стомотолог. Қазан мемлекеттік медицина институтын 1966 жылы бітірген. 1978…
Толығырақ

Бола ма?..

Ақты – қара, қараны – ақ деп тануға, Бола ма екен аққа күйе жағуға? Бола ма екен қараны…