Шық – түннің көз жасы емес

Шық – түннің көз жасы емес,
Көз жасы емес гүлдің,
Жанары ағып түскен жоқ ешкімнің.
Кеудесін қара түннің қақ айырып,
Жан әпкем жылаған күн – мен ес білдім.
Күн еді ашылмаған ол бір сыры,
Қолынан қан боялған көрдім шыны.
Есігін арғы өмірдің тырнап жатты ол…
Төгіліп жанарының мөлдір шығы.
|Жанынан суыт қайттым,
Суыт барғам,|
Сусыды сынған шыны суық қолдан…
Көз жасын тердім бақтан ертесі оның,
Гүлдердің қауызына тұнып қалған.
Жәудіреп,
«Менде қандай кінә бар?» – деп,
Түн сайын алуан гүлге тұнады ол кеп.
Жанары ағып түскен зағип-дүние,
Дәл менің әпкем сынды жылаған жоқ.
Шық – түннің көз жасы емес,
Көз жасы емес гүлдің… Сенбеймісің?
Қасірет… бір қасірет кернейді ішін.
Жылата көрмеші енді жан әпкемді,
Мөлдір ғой… кіршіксіз ғой…
Көрмеймісің?!
Қуаныш Жазай
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Бола ма?..

Ақты — қара, қараны — ақ деп тануға, Бола ма екен аққа күйе жағуға? Бола ма екен қараны…

В Отыраре восславили духовность и поэзию

В Отырарском районе в рамках проекта «Ночная библиотека», организованного областной универсальной научной библиотекой «Фараб» Туркестанской области, состоялся литературно-поэтический…
Толығырақ

ТҰҒЫРЫҢ БИІК ТУҒАН ЕЛ

Көшіңді түзеп, бірлігін бекем ширатып. Сірескен сеңнің мұз құрсауларын қиратып. Төрт құбылаңды шаттыққа бөлеп жатырсың, Шұғыла шашқан шаңырақ…