«Түлкібас» теміржол вокзалының құрылыс жұмыстары басталды

Түлкібас ауданында «Түлкібас» теміржол вокзалы ғимаратының құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аудан басшысы Асқар Естібаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев ғимараттың құрылыс алаңында болды.

Бүгінде нысанның бірінші қабаты толық көтеріліп, екінші қабаттың құрылыс жұмыстары басталған. Жоба жоспарға сай іске асуда.

Мердігер мекеме өкілдерінің мәліметінше, жыл соңына дейін ғимараттың шатыры жабылып, ішкі әрлеу және аяқтау жұмыстары толықтай жүргізілмек. Аудан басшылығы құрылыс сапасына ерекше мән беріп, жұмысты мерзімде аяқтауды тапсырды.

Жоба толық іске қосылғанда, аудан тұрғындары мен қонақтарына заманауи талаптарға сай қызмет көрсететін болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Инклюзивті спорт фестивалі өтті

«AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында Түркістан қаласындағы Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешенінде «Тең мүмкіндіктер» атты балалалар инклюзивті…
Толығырақ

Аудан әкімі сенбілікте

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік…