Әкімшілік айыппұл салынды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті азаматша Ж.Ермекбаеваның өтініші негізінде «Байдібек су» МКК-ға қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді.

Тексеру қорытындысы бойынша «Табиғи монополиялар туралы» ҚР Заңының 26-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын бұзу фактілері анықталды. Атап айтқанда, тұтынушыға уәкілетті органмен бекітілген тариф бойынша реттеліп көрсетілетін қызметті ұсынбағаны анықталды, бұл заңнаманы бұзу болып табылады.

Нәтижесінде «Байдібек су» кәсіпорыны «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 164-бабының 4-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. кәсіпорынға заңда белгіленген мерзімде мемлекеттік бюджетке төленген 550 480 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

Сонымен қатар, Департамент анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама енгізді.

ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті тұтынушылардың құқықтарын қорғау және табиғи монополиялар субъектілерінің заңнаманы сақтауын қамтамасыз ету жөніндегі жүйелі жұмысты жалғастырады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts