Жуырда Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ұйымдастыруымен «Әкімшілік құқықбұзушылықтарды алдын алу, істерді талапқа сәйкес рәсімдеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Бұл туралы Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі хабарлады.
«Дөңгелек үстел барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, құқықтық мәдениетті арттыру және халықпен профилактикалық жұмыстарды күшейту мәселелері талқыланды.
Полиция қызметкерлері әкімшілік құқықбұзушылықтардың негізгі түрлері, оларды алдын алу жолдары және қолданыстағы заңнама талаптары туралы ақпарат берді» дейді баспасөз қызметінің хабарламасында.
Іс-шараға мамандандырылған соттың төрағасы Б.Сауран және судьялары, облыстық полиция департаментінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторлары қатысқан.
Іс-шара қорытындысы бойынша әкімшілік құқықбұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі айтылған.
habarlike.kz