Құқықтық мәдениетті арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді

Жуырда облыс прокуроры Мұрат Тлеубердиев жоғары оқу орындарының 600-ге жуық студентімен “Саналы ұрпақ – болашақ кепілі” тақырыбында кездесу өткізіп, жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және құқықтық мәдениетті арттыру мәселелерін кеңінен түсіндірді.

Жастардың заңға деген құрметін арттырып, саналы әрі жауапты ұрпақ қалыптастыруға бағытталған кездесуде прокурор студенттер тарапынан қойылған көкейде жүрген сұрақтарға толыққанды жауаптар берді. Сонымен қатар, қатысушыларға құқықтық ақпаратты қамтитын брошюралар таратылды.

Облыс прокуроры жаңадан енгізілген буллинг, сталкинг және дроперлікке қатысты заңнамалық өзгерістерге жеке тоқталып, олардың құқықтық салдары туралы нақты мысалдармен баяндады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ұрлық түбі – қорлық

Полицейлер мал ұрлығының алдын алу жұмыстарын қарқынды түрде атқаруда. «Кентау қаласы аумағында мал ұрлығынның алдын алу және жедел…

Құқығы қалпына келтірілді

Шардара ауданында тұрғынның еңбек ету құқығы қалпына келтірілді Шардара ауданында ерекше жағдай тіркелді. Жергілікті тұрғын мүгедек қызына күтім…