АЯҚТАЛМАҒАН ТУЫНДЫ

Естелік
Мен Ол кісіні ең алғаш Шолаққорған ауылының орталық көшесінен көргем. Бойы ортадан төмен, көзге көп түсе бермейтін қарабайырлау киінген адам еді, көп ішінен назар ірке қарағаны да есімде. Ту сыртымнан қадалған көзқарасты бірден сездім.
Жоқ…ол ер адамдардың қызбаласына сұқтануы яки тамсана қарауы емес еді, ол аса бір әдепті – суретшінің көзқарасы болатын. Сол көзқарасты есімде мәңгіге сақтап алыппын. Инедейін арамдығы жоқ, адал көзқарас болған соң шығар. Адал көзқарастарда өзіндік әлем сол әлемде ауа, жер, гүл, үлкен мәдениет, кей кезде қошемет болатын сияқты еді….
Жалт қарады да, баяу ғана аяңдап көп ішіне сіңіп бара жатты.
Кейіннен аудандағы мәдениет үйіне жұмысқа орналасқан соң, ол кісінің де сол мәдениет үйінде, қоюшы суретші екенін, жас суретшілер одағының мүшесі екенін білдім. Аты-жөні Мәмбет Уалиев еді. Сұрастыра келе бір оқу орынын, бір мамандық бойынша әр жылдары бітіргенімізді білдім.
-Менде ҚазҰПУ-дың көркемсуретінде оқығанмын -деп едім, туысын көргендей қуанып кетіп еді, содан кейін іш тартып жылыұшырап тұратын болды. Кейде өзінің студенттік жылдары туралы қызықты әңгімелерін айтып, сабақ берген ұстаздарын сұрастырып, сағына еске алып жүретін.
Ол кісінің бір әңгімесі есімнен кетпейді.
– Бір күні керемет картина жаздым. Өзіме қатты ұнады. Жұмыстарымның ішіндегі ең шоқтығы биігі еді, талай адам қызықты, қымбатқа да бағалады. Ешкімге бермедім. Егер сатып жіберсем, екенші қайтып ондай туынды жазбасымды білдім. Бір күні облыстан бір “дәулер” келді, әдеттегідей оларды топырлатып, мәдениет үйіндегі менің көрмемді көрсетуге алып келді, сол “дәудің” әлгі менің жақұт картинама көзі түсті, жақауратып сұрағандай болды. Мен сатпайтынымды айттым. Ал әлгі біздің “дәуді” айтам, алды да әлгі “дәуге” менің картинамды сыйлап жіберді. Тіпті менен бір ауыз рұқсатта сұраған жоқ. Ішім ит тырнағандай жаман болдым. Менің жақұт туындым солай жоғалды. Енді мен бұлардан ештеңеде күтпеймін әсіресе өнерді бағалау мен түсінуді – деп еді.
Мамбет аға сөзге сараң еді, көп сөйлемейтін. Көбнесе үнсіз жымиып, тастай суық шеберханасында аузынан буы бұрқұрап картина жазып отыратын сәті ғана есімде қалыпты. Сирек ақтарылатын томаға тұйық, ойшыл адам еді….
Бүгін ютубтан Малик Қайдаров, Тоққожа Қожағулов сынды аяулы ұстаздардың шығармашылықтары туралы бадарламалар көріп отырғам, кенеттен Мамбет аға түсті есіме. Аяулы ағаның дүниеден қайтқанынына да биыл бес жылдай уақыт болыпты.
Уақыт қандай әәәә
Аудандық мәдениет үйінде әлі күнге ағаның жазған туындылары сақтаулы тұр. Кейде жолым түскенде барып тамашалап қайтамыным бар. Көп туындысы аяқталмай қалған, дәп өзінің армандары секілді….
Шын мәнісінде жер бетінде ешқандай суретшінің туындысы аяқталмайды. Кейде адамдар олар жазған қайсыбір туынды аяқталды екен деп ойлайды. Бірақ ешбірі аяқталмайды. Тіпті ұлы суретшілер де өздерінің ұлы туындыларын ешқашан аяқтаған емес. Мамбет ағада солай ешқандай туындысын соңына жеткізіп аяқтамаған екен.
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Аспанда тіреуіш жоқ

Ғалымбек Елубай Ізбөрі ақсақал 95 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Көп ауырып-сырқаған жоқ. Тек, бір апта бойына төсек…
Толығырақ

“Көрші” (әңгіме)

Пойызға отырарда әдетте адам­ның көңiлiнде «купеде қасыма қан­дай адам тап болар екен» деген бiр күмәндi қызығушылық тұрады. Жас­тау…
Толығырақ

Үш литр су

Кеше бөлемнің үйінен бесік той ма… бірдеңеден келген, әйелім азанымен «кеттік» дейді маған. – Кеттігі нес… – Кеше…

Он бес сөтке…

Қолымда бір бөтелке сырам бар, әлгінде ғана той дан келгем, жүз метр жердегі пәтеріме шылымымды бұрқыратып аяңдап келе…