Полиция 4 мыңнан астам педагог пен ата анаға арнап кездесу ұйымдастырды

Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ермек Шәкімнің басшылығымен өңірдегі білім беру саласының қызметкерлеріне арналған интернет алаяқтықтың алдын алу бойынша маңызды кездесу өтті.

Ұйымдастырылған шараға облыс аумағындағы 938 білім беру ұйымының қызметкерлері “zoom” арқылы қатысты.

Жалпы жиынға 4 мыңнан астам педагог пен 3 мыңнан аса ата-ана қосылып, өзекті тақырып төңірегінде пікір алмасты.

Онлайн-кездесуде полицейлер интернет алаяқтықтың кең тараған түрлері мен олардың жасалу тәсілдерін және жеке деректерді қорғаудың тиімді жолдары жайлы түсіндірді.

Сондай-ақ онлайн төлемдер жасау кезінде сақтық шараларын сақтау, күмәнді сілтемелер мен хабарламаларға сенбеу, бейтаныс тұлғаларға банк картасы мен деректерін бермеу жөнінде кеңес айтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Табиғатты қорғау міндетіміз

Түркістан облысы аумағында 20 қазан мен 19 қараша күндері аралығында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс- шарасы өткізіледі. Шараның негізгі мақсаты…